«Жаңғыру» қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтында 12 ақпаннан   27 сәуір аралығында  технология пәні мұғалімдеріне курс ұйымдастырылды. Курс барысында білікті арттыру институтының ұстаздары білімді мамандар екендігін көрдік. Қысқа мерзім ішінде бізді жан-жақтылыққа үйретіп, жаңа әдіс тәсілдермен біздің ойымызды қозғады. Өзіміз басқа мамандық иесі болсақ та, ұстаздардың шеберлігінің нәтижесінде өзімізді осы мамандықтың иесіндей сезіндік. Бірнеше оқу орындарын аралап ағаш бұйымдары, темір, кірпіш қалау жұмыстары бойынша шеберлік сағаттарына қатыстық. Әр күніміз келесі күнге ұқсамай қызықты өтті. Институт басшылығына ризашылығымызды айта отырып, биікке өрлеп тәуелсіз еліміздің тірегі бола беріңіздер.

Ізгі тілек

Мәдениет негізгі мектебінен,

Қызылжарға оқу үшін келiппін мен.

Маманығым дене шынықтыру мұғалімі,

Технология  сабағын қоса берем.

 

Сондықтан мен сіздерге сапар шектім,

Қыр-сырын бұл сабақтың түсінбеппін.

Сіздерге көп рахмет қолдау беріп,

Түсіндіріп аз уақытта бағыт берген.

 

Бастаған бұл істеріңіз дами берсін,

Дәріс алуға біз сияқты маман келсін.

Тілерім баршаңызға денге саулық,

Жұмыстарыңыз арқашанда өсіп өнсін.

Связаться с нами

150000, Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, ул. Мира 69 А

  • dummy+7 (7152) 53-16-11

  • dummy+7 (7152) 53-16-11

  • dummyippk.jng@gmail.com

Подписаться

Введите свой email и получайте информацию о новых мероприятиях института

© Все права защищены. ИППК "ЖАҢҒЫРУ" 2020