«Жаңғыру» қайта даярлау және білікті арттыру институтында 25 -29 маусым мен 02-05 шілде аралығында «Заманауи тәсілдер арқылы тренерлік оқыту үрдісін ұйымдастыру»
тақырыбы бойынша БЖСМ жаттықтырушы-оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Осы курс мақсаты оқу үрдісін ұйымдастыру жаттықтырушы-оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Курста қазіргі даму сатысында спорттық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мәселелерін, спортшылар мен балалардың жарыстарға психологиялық дайындығын, спорттық қызметін ынталандыру, физикалық қасиеттерін түрлі әдістерін қалпына келтіру мәселелері қаралды.
Курс шеңберінде тыңдаушылар логикалық тұжырым жасауға, мазмұнды өз тәжірибесіне бейімдеуге және аудиторияда практикалық жаттығулар мен сыныптан тыс алынған дағдыларды тексеру мүмкіндігіне ие болды.
Курс тыңдаушылары оқу курстарын тиімді ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын білдірді.